Швейцарияда мемлекеті Цюрих қаласында өтетін халықаралық чемпионатына спортшыларды шығарып салу іс-шарасы.
- Tulegen Abdrasilov
- Feb 17, 2025
- 1 min read
2024 жылы 11 қараша күні Астана қаласы, Бөкейхан көшесі 25г мекенжайында орналасқан "Ерекше Мүмкіндіктер Орталығында" "Шоудаун" (SHOWDOWN) соқырлар үстел теннисі федерациясы 13-19 қараша аралығында Швейцарияда өтетін "Zurich Open" халықаралық ашық чемпионатына қатысатын спортшыларды шығарып салу іс-шарасы өтті.
Бұл маңызды шарада спортшыларымызға ақ жол тілеп, батасын берген құрметті азаматтарымыз:
- Астана әкімдігі Спорт басқармасының өкілі Тағаев Азамат мырза,
- "ASTANA" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы акционерлік қоғамының төрағасы Баймұқаш Бауыржан Серікұлы,
- "AMANAT" партиясының Есіл, Өркениет филиалдарының атқарушы хатшысы Жүсіпова Санира Орынтайқызы,
- Зағиптар спортының Қазақстандық қауымдастығының басшысы Медет Берікұлы,
- Дене мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спортты даярлау орталығының директоры Ержан Есімханұлы.
Бұл чемпионатқа спортшылардың қатысуына спортты қолдау қоры айрықша көмек көрсетіп, олардың халықаралық деңгейде өз шеберліктерін көрсетуіне мүмкіндік жасады. Спортты қолдау қорының демеушілігімен мұндай жарыстарға қатысу мүмкіндігі артып, ерекше жандардың кәсіби спортпен айналысуына жағдай жасалуда.
Осы қолдаудың нәтижесінде спортшыларымыз халықаралық ареналарда өз елінің намысын қорғауға дайын. Біз оларға сәттілік тілейміз және Қазақстанның көк байрағын биікке көтеріп, жеңіспен оралуларына сенім білдіреміз!


