top of page

Швейцарияда болған "Zurich Open" халықаралық ашық чемпионатынан жүлделі орынмен оралды

Updated: Feb 17, 2025


13-17 қараша аралығында Швейцария мемлекеті, Цюрих қаласында Халықаралық ZURICH OPEN көз жанарынан айрылған спортшылар арасында SHOWDOWN үстел теннисінен жарыс өтті. Турнирге әлемнің 9 мемлекеті:

Қазақстан, Швейцария, Франция, Польша, Германия, Италия,Чехия, Бельгия, Словакия мемлекеттерінен 50 спортшы қатысты.

Әлемнен жиналған зағип спортшылар өте жоғары деңгейінде шеберліктерін көрсетті.

Қазақстан құрама мүшелері алғаш рет Халықаралық жарысқа қатысып отыр. Алғашқы күні стандартталған SHOWDOWN үстел теннисіне ойнау оңайға соқпады. Бірақ турнирдің екінші, үшінші күні спортшыларымыз жақсы көрсеткіш көрсетіп, 17 -23 орындарды иеленді.

Қазақстанның құрама мүшелері: Спортшыларымыз ұлдар командасынан

Керім Бексырғаұлы 23 орын

Айдар Саташев 22

Қазақстанның құрама мүшелері: Спортшыларымыз қыздар командасынан

Гульсара Каттабекова 18 орын

Влада Бартусеевич 17 орын

Жарысқа Қазақстан құрамасын алып келген:

SHOWDOWN үстел теннисінің президенті- Серік Жүзбай.

Жаттықтырушы:

Азамат Баймағанбетов.

Жетекшілер:

Кәмшат Рахимбаева.

Ербол Жуматаев


Халықаралық турнирге баруға Қазақстан құрама мүшелеріне демеушілік қолдау көрсеткен @sportqory “Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры” КҚ.










 
 
@ SHOWDOWN-2024
bottom of page