top of page

"ZURICH OPEN" Қазақ спортшыларының халықаралық жарыстағы тәжірибесі

Updated: Feb 17, 2025




Қазақстан құрама командасы Швейцария мемлекеті, Цюрих қаласына «ZURICH OPEN» Халықаралық турнирге аттанған болатын. Ұйымдастырушылар Цюрих аэропортынан қарсы алып, қонақ үйге орналастырып, спортшыларымызға ерекше құрмет көрсетті.

Шоудаун үстел теннис жарысы жоғары деңгейде өтті. Стандартқа сәйкес Чехиялық 5 үстел, даниялық доп қолданылды. Жарыс тікелей эфирде сілтеме арқылы жүргізілді. Ұйымдастырушылар көз жанарынан айрылған спортшыларға жүріп- тұруына ыңғайлы болатындай мүмкіндіктер жасап қойған екен. Әр мемлекеттен шақырылған судьялар өз бағаларын беріп, адал жүйе бойынша өткізді. Елдерден келген спортшылар жақсы дайындықпен келген екен. Шоудаун үстел тенисін 7 – 10 жыл шамасында ойнап келеді. Біздің спортшылар ойын ережесімен танысып, жарысқа қатысып келе жатқандарына 2 жылдан асты. Елімізде жаға спорт түрі қарғынды түрде енді дамып келеді. Бұл ойынның шыңына жетіге бізге әлі де үлкен тәжрибе керек. Халықаралық жарысқа қатынасып және тренердің сабағын тыңдап ережесімен техникасын үйрендік. Біз үшін үлкен мүмкіндік! Осы мүмкіндікті көрсетіп, шабыт сыйлаған Спортты қолдау қорына рахмет! @SportQory

 
 
@ SHOWDOWN-2024
bottom of page