Жаңа ғимарат жарқын болашақ
- Tulegen Abdrasilov
- Mar 18, 2024
- 1 min read
Updated: Apr 16, 2024

Астана қаласында мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсететін орталық ашылды.
Айтулы шара Қайырылымдық күніне орайлас өтті. Келген қонақтар мен қатысушылар қазақи нақыштағы киім үлгісінде шараға қатысты.
Кез-келген Орталыққа көмекке мұқтаж кез-келген айрықша азамат жүгіне алады. Мекеме заң бойынша кеңес психологиялық көмек массаж, тігін курстары секілді түрлі қызмет түрлерін ұсынады. Сонымен қатар орталыққа келіп “showdown” ойынымен де айналысуыңызға болады. Қызметкерлеріміз әрдайым құшақ жая күтіп алуға әзір. Біздің ұжым алдағы уақытта Бөкейхан 25г мекенжайы бойынша қызмет көрсетеді.
Мекеме бұған дейін де, әртүрлі қайырымдылық шараларын өткізген. Республикалық байқаулар мен спорттық олимпиадалар ұйымдастырып, денсаулығында кінәраты бар жандарға қолдау көрсетіп келген болатын. Жаңа ғимарат пен кеңсе осы жобалардың одан әрмен жандана түсуіне үлкен сеп болмақ.


