Отан қорғаушылар күніне арналған ерекше шараның жеңімпаздары анықталды!
- Зайтуна Мобаракқызы
- Jul 7, 2024
- 1 min read

2024 жылғы 5 мамырда Астана қаласы Бөкейхана көшесі 25Г мекенжайында орналасқан «Ерекше Мүмкіндіктер орталығында» ерекше шара өтті. Астана қаласы әкімдігінің «Дене шынықтыру және спорт басқармасының» қолдауымен және «(Шоудаун) Соқырлар үстел теннис федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Астана қаласындағы филиалының ұйымдастыруымен «Отан қорғаушылар күніне» орай көз жанарынан айырылған спортшылар арасында «Шоудаун» зағиптар үстел теннисі чемпионаты ұйымдастырылды.
Чемпионат жоғары деңгейде өтіп, спортшылар өз шеберліктерін көрсетті. Көз жанарынан айырылған спортшылар арасында өткен бұл жарыс ерекше маңызға ие болды. Жарыстың нәтижесінде жеңімпаздар анықталып, оларға арнайы сыйлықтар мен марапаттар табыс етілді.










