«Отан қорғаушылар күніне» орай өткен қалалық чемпионат
- Зайтуна Мобаракқызы
- May 22, 2024
- 1 min read

2024 жылы 4-5 - мамыр күні Астана қаласы Бөкейхана көшесі 25Г «Ерекше Мүмкіндіктер орталығында» Астана қаласынның әкімдігі «Дене шынықтыру және спорт басқармасының» қолдауымен «(Шоудаун) Соқырлар үстел теннис федерациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Астана қаласының филиалының ұйымдастыруымен «Отан қорғаушылар күніне» орай көзжанарынан мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында өтетін «Шоудаун» зағиптар үстел теннис чемпионатының жарысы өтті.
Жарыстың өткізілу мақсаты:
• Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы халқына арналған бұқаралық спортты дамыту, "Қазақстан-2050" халықтың денсаулығын жақсарту бағдарламасын жүзеге асыру;
• салауатты өмір салтын насихаттау;
• дене шынықтыру мен спортқа көзжанарынан мүмкіндігі шектеулі ерекше қажеттілігі бар жандардың қызығушылығын арттыру;
• көзжанарынан мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында, «(SHOWDOWN) Шоудаун үстел теннис» спортын дамыту;
• жарыс тәжірибиесін және спорт шеберлігін меңгеру;
• халықаралық жарыстарға қатысу үшін Қазақстан Республикасының құрама командасына кіретін мықты спортшыларды анықтау.




















