"Шоудаун" Қазақстан құрама командасы.
- Tulegen Abdrasilov
- Feb 15, 2025
- 1 min read
Updated: Feb 17, 2025

Адам үшін мүмкін емес ештеңе жоқ!
Әр адам спортта жоғары нәтижелерге қол жеткізе алады. Сондықтанда зағип жандар үшін SHOWDOWN үстел теннисі ойыны әлемде жоғары деңгейде дамуда. Көз жанарынан айрылған жандар үшін спортта өзінің мүмкіндігін көрсететін Шоудаун - үстел тенис ойыны. Шоудаун үстел теннисінен көзді немесе денені жарақаттау мүмкіндігі жоқ, сондықтан бұл жарыс басқаларға қарағанда өте ыңғайлы ойын. 13- 18 Қараша айында Швейцария мемлекеті Цюрих қаласында өткен Әлемдік турнирде Қазақстан құрамасы өз деңгейінде жақсы көрсеткіштер көрсетті. Турнирге жиналған 9 мелекеттен, 50 спортшылардың ішінде 17 -18 – 23 орындарды иеленді. Бұрын танып білмеген Шоудаун ойынын игеріп, Европа елдерімен жарысқа түсу үлкен ерлік. Біздің спортшылар үшін бұл үлкен тәжрибе болды. Алдағы уақытта үлкен жеңіспен оралатындарына сенім білдіреміз!
Европаның төрінде ең қымбат мемлекетте Халықаралық Шоудаун үстел теннис жарысына баруға қолдау білдіріп, мүмкіндік берген Спортты қолдау қорына Алғыс білдіреміз!!! @SportQory


