Орта буын арасындағы қалалық турнир
- Tulegen Abdrasilov
- Mar 18, 2024
- 1 min read
Updated: Apr 16, 2024

Орта буын шектеу бола алмайды. Осы ұстанымға берік орта буындар арасында қалалық турнир өтті.
“Showdown” ойыны негізінен көз жанары әлсіз, не мүлдем көрмейтін жандарға арналған . Бұл дәстүрлі теннис үстел ойынының балама нұсқасы деуге де болады. Негізінде айрықша азамматтарды сауықтыру мақсатында ойналады. Ережеге сай көз арнайы көзілдірікпен қымталып, арнайы ойын тақтасында шарды сырғыту арқылы ойналады. Әр спортшының қолына таяқша мен қолғап беріледі. Екі тарап өз қақпаларын қорғап, қарсылас тараптың қазандығына соққы жасауға тиіс. Арнаулы үстелдің дәл ортасында 14- см биіктікте тақтай бар . Сырғыған шар осы белгі биіктігіне жетпеуі керек.
Жоғарыда аталған ереже ойынның негізі ретінде саналады. Позитивпен қуаты сарқылмаған біздің спортшылар, бұл ойында бар қиындығына қарамастан жақсы көреді. Әрдайым ортталыққа келіп, өзара түрлі турнирлер өткізіп тұрады.


