Қазақстандық құрама командасы- Халықаралық аренаға жолдама
- Tulegen Abdrasilov
- Oct 15, 2024
- 1 min read
Updated: Feb 17, 2025
2024 жылы 4-6 қарашада Шоудаун үстел теннисінен Республикалық чемпионат өтті. Қазақстан облыс орталықтарының 12 аймағынан 40 спортшы қатысты. Көз жанарынан айрылған спортшылар жарыстан соң Санк-Петербургтан келген мықты бапкерден мастер-класс алып, Шоудаун теннисінің қыр-сырымен танысты. Біліктілігін арттырды.
Республикалық турнирде өткен жылдың чемпиондарына Швейцария мемлекетінің Цюрих қаласына баруға сертификаттар табысталды.
Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасы алғаш рет Швейцария мемлекеті Цюрих қаласында өтетін халықаралық турнирге аттанады. Осы Әлемдік чемпионатқа баруға қолдау көрсеткен Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігіне, Спортты қолдау қорына алғысымызды білдіреміз! Спортты қолдау қоры қолдауы арқасында спортшыларымыздың дайындық деңгейі жоғары болып, осы жеңістерге жетуге мүмкіндіктері болды.
Өткен жарыстарымызға қолдау көрсеткен Астана қаласының әкімшілігі Дене шынықтыру және спорт басқармасы, Спорттық іс-шараларды өткізу дирекциясына, Зағиптар спортының Қазақстандық қауымдастығына да алғысымызды білдіреміз!



